2019 «KEGOC» АҚ Жылдық есеп
2019
«KEGOC» АҚ
Жылдық
есеп
Жылдық есеп
2019

Өндірістік
қызмет

«KEGOC» АҚ қызметін тұтынушылар заңды тұлғалар: энергия өндіруші, энергия жеткізуші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар болып табылады.

2019 жылы көтерме сауда нарығының субъектілеріне жүйелік қызметтер жасалған шарттарға және тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес толық көлемде көрсетілді. 2018 жылдан ауысқан және 2019 жылы жасалған тұтынушыларға қызмет көрсетуге, электр энергиясын сатып алу-сатуға жасалған шарттар мен келісімдердің жалпы саны 797 құрады.

Тұтынушылардың санаттары бойынша шарттардың
құрылымы, шарттар саны және санат үлесі

318 (39,90%) Энергиямен жабдықтайтын ұйым
273 (34,25%) Энергия өндіретін ұйым
144 (18,07%) Тікелей тұтынушылар
56 (7,03%) Энергия беретін ұйым
6 (0,75%) Шетелдік контрагенттер


  • 797

    Шарттар

Электр энергиясын жеткізу


«KEGOC» АҚ желілері арқылы электр
энергиясын жеткізу, млрд кВт·сағ

Төмендеудің негізгі себебі – бұл Ресей Федерациясына электр энергиясы экпортының болмауы (2018 жылы экспорт көлемі – 3 758 млн кВт•сағ). Сонымен қатар бір уақытта Қазақстан Республикасы көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын жеткізу көлемдерінің 2018 жылмен салыстырғанда 698 млн кВт•сағ, немесе 1,8 %-ға өсуі байқалады.

Техникалық диспетчерлендіру


Техникалық диспетчерлендіру,
млрд кВт·сағ

Төмендеуі Қазақстан Республикасы энергия өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіруінің төмендеуімен байланысты.

Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру


Электр энергиясын өндіру-тұтыну
теңгерімін ұйымдастыру, млрд кВт·сағ

Өсуі Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында электр энергиясын тұтынудың өсуімен негізделген.

Электр энергиясын сатып алу-сату бойынша операциялар

Халықаралық шарттар шеңберінде «KEGOC» АҚ Ресей Федерациясының (Қазақстан БЭЖ бен Қырғызстан БЭЖ шекараларындағы электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағындарының жоспардағыдан сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында) және Қырғызстанның (Қазақстан БЭЖ бен Қырғызстан энергия жүйесі арасындағы электр энергиясының жоспардан тыс ағындарын реттеу үшін) энергия жүйелерімен электр энергиясын сатып алу-сату бойынша операцияларды жүзеге асырады.

Тұтынушылармен жұмыс

2019 жылы тұтынушылардың қанағаттану дәрежесінің орташа жылдық бағасы бес балдық шкала бойынша 4,7 балды құрады.

Аталған көрсеткіштің жоғары мәніне 2019 жылғы 1 қаңтарда тұтынушылармен өзара есеп айырысу процестерін жақсартуға көмектесетін биллингтік жүйенің іске қосылуы әсер етті. «KEGOC» АҚ тұтынушылары жұмыста оң өзгерістер болғанын, атап айтқанда деректерді өңдеуге жұмсалатын уақыттың қысқарғанын, барлық қажетті ақпаратты, соның ішінде төлем құжаттарын орталықтан алу мүмкіндігі бар екенін айтуда. Сонымен бірге биллингтік жүйедегі жеке кабинеттен тұтынушылар шарттардың бірыңғай деректер базасына, қаржылық құжаттарға қол жеткізіп, есеп айырысу жай-күйін бақылау мүмкіндігіне және осылайша «KEGOC» АҚ-мен өзара әрекет етуге мүмкіндік алды.

Желінің сенімділігі

Қазақстан Республикасы үшін электр энергетикасының маңызы зор, себебі еліміздегі металлургия мұнай мен газ өндіру сияқты негізгі салалар энергияны өте көп қажет етуімен сипатталады. Сәйкесінше, Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігі және халықтың тіршілік ету сапасы көбінесе тұтынушыларды энергиямен сапалы жабдықтауға байланысты.

SAIDI

SAIFI

Желінің сенімділігін бағалау үшін Компанияда Даму стратегиясымен SML және WWP индикаторлары белгіленді. SML көрсеткішінің мәні 2019 жылы 0,52 минутты құрады, ал WWP – 99,64 %, бұл 2018 жыл қорытындысы бойынша мәндерден жоғары және осындай шетелдік электр желілік компаниялардың сенімділік көрсеткіштері мәндерінің деңгейіне сәйкес келеді.