2019
Макро-
экономикалық
шолу
Қазақстанда 2019 жылы өндірілген жаппай ішкі өнімнің көлемі (Ұлттық экономика министрлігі (ҰЭМ) Статистика жөніндегі комитетінің деректері бойынша) 68 639,5 млрд теңгені құрады және 2018 жылмен салыстырғанда нақты түрде 4,5 %-ға артты. Өсім драйверлерінің арасында құрылыс секторы, байланыс, көлік пен сауда болды. Қазақстанның экономикасы, осылайша, мемлекеттік инвестициялармен және тұтынушылық сұраныстың артуымен негізделген тұрақты өскенін көрсетеді.
2019 жылғы құнсыздану (2019 жылғы желтоқсан 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда) 5,4 %-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 9,6%-ға, азық-түлік емес тауарлар 5 %-ға, ақылы қызметтер – 0,7 %-ға артты. 2018 жылы құнсыздану деңгейі 5,3 %-ды құрады.
Қазақстан Республикасы ҰЭМ Статистика жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша 2019 жылы өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8%-ды құрады.
ЖЖӨ динамикасы
ЖЖӨ, млрд теңге | |
ФКИ (оң шкала) |
Өнеркәсіп динамикасы
Өнеркәсіптік өнімді өндіру көлемі, млрд теңге | |
ФКИ (оң шкала) |