Жылдық есеп
2019
Кадрлық
әлеует
«KEGOC» АҚ кадрлық әлеуеті Компанияның даму табысын анықтайтын маңызды стратегиялық фактор болып табылады. «KEGOC» АҚ адами ресурстар менеджменті Копроративтік басқару кодексінің, Мінез-құлық (іскери этика) кодексінің, біріктірілген менеджмент жүйесінің, Кадр саясатының, «KEGOC» АҚ персоналын мотивациялау саласындағы ішкі құжаттардың қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Компанияның Кадр саясаты жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған тиімді корпоративтік мәдениет, меритократия, әлеуметтік-еңбек қатынастарын жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы «KEGOC» АҚ Даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін зияткерлік және кәсіби ресурсты қалыптастыруға бағытталған.
2019 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Компания қызметкерлерінің (ЕҰ есепке алғанда) тізім бойынша саны 4 819 адамды құрады.
Персоналдың білімі бойынша құрылымы
65% |
|
жоғары |
23% |
|
арнайы орта |
12% |
|
орта |
Қызметкерлердің жас бойынша құрылымы, жас
20% |
|
31-ге дейін |
29% |
|
31–40 |
23% |
|
41–50 |
24% |
|
51–60 |
4% |
|
61-ден жоғары |
Персоналдың санаттары бойынша құрылымы
14% |
|
басшылар |
45% |
|
мамандар |
1% |
|
қызметшілер |
40% |
|
жұмысшылар |
Персоналдың жұмыс өтілі бойынша құрылымы
15% |
|
1 жылға дейін |
11% |
|
1 жылдан 3 жылға дейін |
8% |
|
3 жылдан 5 жылға дейін |
19% |
|
5 жылдан 10 жылға дейін |
17% |
|
10 жылдан 15 жылға дейін |
10% |
|
15 жылдан 20 жылға дейін |
20% |
|
20 жылдан жоғары |
Қызметкерлердің ұлт бойынша құрылымы
69% |
|
қазақтар |
21% |
|
орыстар |
3% |
|
украиндықтар |
2% |
|
татарлар |
1% |
|
немістер |
4% |
|
басқалар |
Жұмыспен қамту түрі бойынша құрылымы
Қызметкерлердің гендерлік белгісі бойынша құрылымы
Өңірлер бойынша персонал құрылымы
17% |
|
«Энергоинформ» АҚ |
12% |
|
Ақмола ЖЭТ |
10% |
|
Алматы ЖЭТ |
9% |
|
Оңтүстік ЖЭТ |
9% |
|
Сарыбай ЖЭТ |
9% |
|
Орталық ЖЭТ |
8% |
|
Солтүстік ЖЭТ |
8% |
|
Атқарушы дирекция |
5% |
|
Шығыс ЖЭТ |
5% |
|
Ақтөбе ЖЭТ |
5% |
|
Батыс ЖЭТ |
2% |
|
ЖО ҰДО |
1% |
|
«ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС |
Персонал құрылымы
Көрсеткіш |
Барлығы |
Үлес, % |
ӘП |
ӨП |
Басшы лауазымдар |
Басшылықтағы үлесі % |
|
Тізім бойынша саны |
4 819 |
100 |
761 |
4 058 |
692 |
100 |
Жынысы |
Ерлер |
3 502 |
72,7 |
295 |
3 207 |
604 |
87,3 |
Әйелдер |
1 317 |
27,3 |
466 |
851 |
88 |
12,7 |
Ұлттық белгілері бойынша топтар |
Қазақтар |
3 304 |
68,6 |
645 |
2 659 |
472 |
68,2 |
Орыстар |
1 017 |
21,1 |
77 |
940 |
147 |
21,2 |
Украиндықтар |
156 |
3,2 |
8 |
148 |
23 |
3,3 |
Татарлар |
88 |
1,8 |
10 |
78 |
13 |
1,9 |
Басқалары |
254 |
5,3 |
21 |
233 |
37 |
5,3 |
Жасы бойынша топтар |
30 жасқа дейін |
949 |
19,7 |
85 |
864 |
27 |
3,9 |
30-дан 50 жасқа дейін |
2 505 |
52,0 |
537 |
1 968 |
423 |
61,1 |
50 жастан жоғары |
1 365 |
28,3 |
139 |
1 226 |
242 |
35,0 |
Персоналдың тұрақтамауы, %
2019 жылғы персонал динамикасы, адам
|
компаниядан кеткендер |
|
жұмысқа қабылданғандар |
2019 жылы Компаниядан кеткен «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің
жұмыс істеу ұзақтығы
Жуық арадағы 5 және 10 жылда зейнетке шыға алатын қызметкерлер,
персонал санының %
Көрсеткіш, млн теңге |
ӘБП |
ӨП |
Барлығы |
|
2020–2024 жылдар кезеңінде зейнетке шыға алатындар (жуық арадағы 5 жылда) |
0,89% |
10% |
10,89% |
2020–2029 жылдар кезеңінде зейнетке шыға алатындар (жуық арадағы 10 жыл ішінде) |
1,56% |
19,38% |
20,94% |
Персоналды дамыту
«KEGOC» АҚ персоналды оқыту мен дамыту процесіне үлкен мән береді. Компанияда персоналды оқыту қазіргі заманғы оқыту әдістерінің бүкіл спектрі – бизнес-практикумдар, семинарлар, тренингтер, тағылымдамалар, біліктілікті арттыру, кәсіби даярлау мен қайта даярлау бағдарламалары, форумдар, конференциялар түрлерін қолданумен өткізіледі.
Есептік жылы 2560 қызметкер оқыды, бұл қызметкерлердің тізімдік санынан 46%-ды құрайды. Оқытудың орташа жылдық саны 1 қызметкерге 25,3 сағатты құрады, соның ішінде ӘБП қызметкерлері үшін – 18,9 сағат, ӨП қызметкерлері үшін – 26,3 сағат. Бір ер қызметкерге оқыту сағаттарының орташа саны – 25,9 сағат, әйел қызметкер үшін – 21,3 сағат. Жалпы оқыту сағаттарының саны 108 133 сағатты құрады, соның ішінде бір ер қызметкер үшін орташа оқыту сағаты – 93 877 сағат, әйел қызметкер үшін – 14 256 сағат; ӘБП – 12 275 сағат, ӨП – 95 858 сағат.
«KEGOC» АҚ-ның 2019 жылы оқуға жұмсаған нақты шығындары 256,97 млн теңгені немесе жоспардан 68,7 %-ды құрады, бұл 2018 жылы орындалғаннан 22,1 %-ға төмен.
Персоналды бағалау
Қызметкерлердің біліктілік білімі мен іскерлік қасиеттерін 2019 жылы Қоғам белгілеген талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша филиалдардың 711 қызметкері немесе Қоғам персоналының тізім бойынша санының 14,7% аттестаттаудан өтті. Жүргізілген аттестаттау нәтижелері бойынша персоналдың 100%-ы белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келді.
Аттестаттаудан өткендердің гендерлік құрылымы
Аттестаттаудан өткендердің санаттар бойынша құрылымы
Еңбекті қорғау
Еңбекті қауіпсіздігін және қызметкерлердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету Компанияның негізгі басымдықтары болып табылады. Компанияда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, технологиялық операцияларды орындау кезінде жарақат алуды азайту, қызметкерлердің өндірістік және санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайын жақсарту, сонымен қатар зиянды және қолайсыз факторлардың әсерін азайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.
«KEGOC» АҚ-да қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру деңгейін бағалау үшін Lost Time Injury Frequency Rate (LTIFR) коэффициенті немесе уақытша еңбекке жарамсыздықпен жарақат алу, соның ішінде еңбек қызметіне байланысты өлім жағдайлары жиілігінің коэффициенті қолданылады. Әлемдік тәжірибеде LTIFR бұл еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы компаниялардың жұмыс істеу тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Көрсеткіш компаниядағы жиынтық атқарылған жұмыс уақытына (Work Hours, WH) жатқызылған және 1 млн адам/сағ нормаланған жұмыс уақытының (LTI) ысыраптары жағдайларының санын көрсетеді. Компанияның қатардағы қызметкерлерінен бастап, топ-менеджерлеріне дейін еңбек қауіпсіздігі қағидаттарын ұстануы, қауіпсіз еңбек жағдайын жақсарту жөнінде іс-шаралар өткізу бойынша бірлескен іс-қимыл арқасында соңғы бірнеше жылда Компания алғаш рет жарақат алудың «нөлдік» деңгейіне қол жеткізді және LTIFR мәні 2019 жылы «0» құрады (2018 жылы - 0, 29).
Компания қызметкерлерінің 2019 жылы еңбек қызметіне байланысты өлімге әкелетін және жарақаттану жағдайлары болған жоқ. Компания қызметкерлерінде кәсіптік аурулар анықталған жоқ.
Еңбек қауіпсіздігі көрсеткіштері
|
LTIFR |
|
Өндірістік жарақаттану коэффициенті (GRI стандарттары) |