2019 «KEGOC» АҚ Жылдық есеп
2019
«KEGOC» АҚ
Жылдық
есеп
Жылдық есеп
2019

Тұрақты
даму мақсаты

Біз кез-келген бизнестің ТДМ-ге қол жеткізуіне қосатын басты үлесі – жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерінде, салықтар және әлеуметтік-экономикалық дамуда, сонымен қатар экологияға қамқорлықпен қарауда болып табылады. Сонымен қатар, нақты және ұзақ мерзімді оң өзгерістерге біздің қоршаған ортаға әсерімізді (кең мағынада) басқаруды, мақсатты әрекет етуді, негізгі ойыншылармен және мүдделі тараптармен ынтымақтастықты және біздің күш-жігерімізді кеңейтуді есепке алумен ғана қол жеткізуге болады.

Біз әрбір жылда өз қызметімізбен тығыз байланысы бар нақты ТДМ-мен жұмыс туралы хабарлап тұрамыз. Сонымен қатар, біз жағдайды өзгерту үшін басымдылығы өте жоғары салаларға талдау жүргіземіз. Біз қай жерде теріс әсер болатынын қарастырамыз, сонымен қатар мүдделі тараптармен бірге жағымды өзгерістер жасаудың бірегей мүмкіндіктері бар бағыттарды іздейміз. Бағалау шеңберінде біздің құн құру тізбегіміз үшін мақсаттар мен міндеттердің өзектілігі, біздің жауапкершілікпен және тұрақты дамуға талпынысымызға сәйкестік, бізде өзгерістерді ынталандыру үшін дағдыларымызды, құзыреттеріміз бен ресурстарымызды пайдалана білу қабілетіміздің болуы және біздің мүдделі тараптар үшін мәселелердің маңыздылығы сияқты факторлар талданады.

Төменде жұмыс жүргізілген осы жылға арналған негізгі ерекше ТДМ көрсертілген.