2019
Тарифтік
саясат
Қолданыстағы рәсімдерге сәйкес «KEGOC» АҚ ТМРК-ға «KEGOC» АҚ-ның ұзақ мерзімді кезеңге арналған реттелетін қызметтері тарифтерінің шекті деңгейін және тарифтік сметаларын бекіту туралы өтініммен жүгінген болатын. Қарау қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ реттелетін қызмет тарифтері мен тарифтік сметаларының шекті деңгейлері 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі бес жылдық кезеңге бекітілді.
теңге/кВт•сағ | 2016 | 2017 | 2018* | 2019** | 2020 |
---|---|---|---|---|---|
электр энергиясын жеткізу | 2,080 | 2,246 | 2,496 | 2,496 | 2,797 |
электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру | 0,231 | 0,234 | 0,237 | 0,237 | 0,306 |
электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру | 0,084 | 0,086 | 0,088 | 0,088 | 0,098 |
* «KEGOC» АҚ ТМРК-мен келісу бойынша 2018 жылғы 1 тамыздан бастап 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге электр энергиясын желіге босатуды техниалық диспетчерлендіру қызметтері тарифтерінің шекті деңгейлерін 5%-ға (0,2482-ден 0,237 теңге/кВт•сағ дейін) және электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша 3,4%-ға (0,091-ден 0,088 теңге/кВт•сағ дейін) төмендетті.
** «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен электр энергиясы құнын төмендету туралы шешімін, сонымен қатар көрсетілетін реттелмелі қызметтер көлемінің артуын есепке ала келе, ТМРК-мен келісім бойынша тұтынушылар үшін тарифтердің бекітілген шекті деңгейлерін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы деңгейлерге дейін төмендету туралы шешім қабылдады.