2019 «KEGOC» АҚ Жылдық есеп
2019
«KEGOC» АҚ
Жылдық
есеп
Жылдық есеп
2019

Басқарма
төрағасының
сөзі


Бақытжан Қажиев

«KEGOC» АҚ Директорлар
кеңесінің төрағасы

  • 0

    LTIFR
  • 0,52

    SML, мин
  • 7,47

    ROACE, %
  • 88,5

    EBITDA, млрд теңге
  • 99,64

    WWP, %

Құрметті оқырмандар!


Компанияның Директорлар кеңесінің алға қойылған стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудегі, Қазақстан БЭЖ-дің сенімді жұмысын, Компанияның тұрақты дамуы мен тұрақты қаржылық жағдайын, акционерлер мен даму үшін ақша ағындарын қамтамасыз етудегі жетістіктерін баяндайтын «KEGOC» АҚ Жылдық есебін назарларыңызға ұсынып отырғаныма қуаныштымын.

  • 43,97

    млрд кВт•сағ
    Ұлттық электр торабы арқылы
    электр энергиясын
    жеткізу

Осы Есепке GRI стандарттарына сәйкес ашылған экономикалық, экологиялық және әлеуметтік бағыттағы тұрақты даму көрсеткіштері туралы ақпарат кіреді. Компания Тұрақты даму мақсатын іске асыруда алға жылжығанын, сонымен қатар БҰҰ Ғаламдық шарты қағидаттарын ұстанатынын көрсетіп отыр.

Энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар сияқты заңды тұлғалар «KEGOC» АҚ қызметтерін тұтынушылар болып табылады. 2018 жылдан ауысқан және 2019 жылы жасалған тұтынушыларға қызмет көрсету, электр энергиясын сатып алу-сату бойынша жалпы 797 шарт пен келсім жасалды.

2019 жылы электр энергиясын жеткізу көлемі 43,97 млрд кВт•сағ құрады. Электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру 97,06 млрд кВт•сағ жетті. 2019 жылы электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша қызмет көлемі 188,77 млрд кВт•сағ деңгейінде болды.

Есептік кезең Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің электр энергиясы тарифін төмендету туралы тапсырмасын орындау аясында, сонымен қатар халықты, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында 2019 жылғы 1 қаңтарда бірқатар қызметтерге шекті тарифтердің төмендетілуімен есте қалды. Осылайша, электр энергиясын жеткізу тарифі бір кВтсағ үшін 2,823 теңгеден 2,496 теңгеге дейін, электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру тарифі 0,306 теңгеден 0,237 теңгеге дейін, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру тарифі бір кВт сағ үшін 0,098 теңгеден 0,088 теңгеге дейін төмендетілді.

Есептік жылы инвестициялық бағдарламаларды іске асыру барысында біз «ҰЭТ-ты жаңғырту, ІІ кезең» жобасы шеңберінде «Павлодар энергия торабының Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесімен байланысын күшейту» және «220 кВ «Түлкібас-Бурное» ӘЖ-ні салу» жобаларын аяқтадық. Сонымен қатар, «Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау мақсатында Компания 220 кВ «Орталық» қосалқы станциясын және ілеспелі электр энергетикалық объектілерді салу жоспарланып отырған «Түркістан қаласын сырттан электрмен жабдықтау» жобасын іске асыруға кірісті. Елдің басқа өңірлерінде іске асырылатын екі ірі күрделі жоба сияқты бұл жобаны іске асыру да сенімділікті қамтамасыз етуге, болжанған электр энергиясын тұтыну өсімінің орнын толтыруға және ел өңірлерін бұдан әрі дамыту үшін жағдай жасауға бағытталды.

Компания мықты қаржылық нәтижелер көрсетіп отыр. Осылайша, EBITDA көрсеткіші 2019 жылы жоспарлы мәндерден 14,8 %-ға асып, 88,5 млрд теңгені құрады. Таза пайда жыл қорытындысы бойынша 40,7 млрд теңге деңгейінде болды, бұл жоспарлы мәндерден тіпті 50 %-ға жоғары. Салынған капиталға түсетін кірістілік көрсеткіші (ROACE) 2019 жылы 7,47 %-ға, ал таза активтердің шамасы 422,2 млрд теңгеге жетті. Барлық негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша Компания жоспарлы көрсеткіштерден сенімді түрде асып, 2018 жылға қарағанда өскенін көрсетті.

Еңбекті қорғау мәселелері Компанияның негізгі басымдығы болып табылады және осы салада да даму бірқалыпты жүргізілуде. Есептік кезең барысында Компания қызметкерлері арасында еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар болған жоқ. Бұл персоналдың аталған бағыттағы жоспарлы жұмысты сәтті іске асыруының нәтижесі болып табылады.

Біз «KEGOC» АҚ персоналы өте ауқымды және техникалық жағынан күрделі кез келген жобаларды іске асыра білетін жоғары білікті және кәсіби мамандардан құралғанын мақтан тұтамыз. Осының өзі Компаниямыз қол жеткізген барлық жетістіктердің кепілі болып табылады. 2019 жылы жүргізілген тәуелсіз зерттеулер нәтижесінде «KEGOC» АҚ-ның әлеуметтік тұрақтылық индексі 90 %-ды құрады. Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ-ның барлық портфелдік компаниялары арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Персоналдың қатысу индексі де 74 %-ды құрап, оң аймақта тұр.

Жөндеу науқаны табысты әрі кестеге сәйкес жүргізілді. SML (System Minutes Lost) желісінің сенімділігі көрсеткіштерінің мәндері және WWP (Work Without Problems) пайызы осыған ұқсас шетелдік электр энергетикалық тораптары жүйелік операторларының сенімділігі мәндері деңгейіне сәйкес келеді.

Компания үшін Бизнесті трансформациялау бағдарламасын іске асыру басты мәселе болып қала бермек. 2019 жылы операциялық қызметке сатып алуды санаттық басқару енгізіліп, тұтынушылармен есеп айырысудың биллингтік жүйесін; ақпараттық-телекоммуникациялық кешен сервистерінің қолжетімділігі, сапасы мен ұсыну жылдамдығын арттыруға арналған АТ басқарудың нысаналы моделін; сонымен қатар Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін Компанияның барлық ақпараттық жүйелеріне кеңейтуге қажетті ақпараттық қауіпсіздіктің нысаналы моделін ендіру сияқты 3 жобаны іске асыру аяқталды.

Компания 2020 жылы тұрақты даму қағидаттарын толығымен ұстануға және барлық инвестициялық жобалар мен жоспарланған іс-шараларды іске асыруға ниетті. Бұл «KEGOC» АҚ имиджін көтеруге және оның қызметінің жақсы жақтарын көрсетуге, тәуекелдерді азайтуға көмектесіп, жалпы алғанда ұзақ мерзімді әрі оң өзгерістер арқылы Компания құнын арттыруға себеп болады деп сенемін.