2019 «KEGOC» АҚ Жылдық есеп
2019
«KEGOC» АҚ
Жылдық
есеп
Жылдық есеп
2019

«KEGOC» АҚ бизнесін
цифрлы трансформациялау
бағдарламасы

«KEGOC» АҚ Бизнесті цифрлы трансформациялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылы мына жобаларды іске асыру аяқталды:

  • жедел қызметке сатып алуды санатты басқару ендірілді, бұл жерде санаттық сатып алу стратегияларын қолдану сатып алу процестерін ұйымдастыруды оңтайландыруға мүмкіндік берді;
  • төлемдерді басқару тиімділігін және клиенттердің қанағаттану деңгейін арттыру үшін тұтынушылармен есеп айырысудың биллингтік жүйесі ендірілді;
  • АТК сервистерін ұсыну қолжетімділігін, сапасы мен жылдамдылығын арттыру үшін АТ басқарудың нысаналы моделі ендірілді;
  • Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін компанияның барлық ақпараттық жүйелеріне кеңейту талаптарын құру үшін ақпараттық қауіпсіздітің нысаналы моделі ендірілді.

Өткен жылы құрамына 12 жоба және Компания мен оның негізгі акционерінің стратегиялық бастамаларын іске асыруға бағытталған іс-шаралар кіретін Бағдарлама жобалары портфелі жаңартылды.

Компания үшін маңыздылардың бірі «Кәсіпорын процестерін ендіру» жобасы болып табылады. Оны іске асыру нәтижесінде Компанияның негізгі процестерін бірыңғай механизмге біріктіретін Бірыңғай ақпараттық жүйе құрылатан болады. Жоба процестерді барынша автоматтандыруды және бизнестің негізгі бағыттарын өзара біріктіруді қамтамасыз етеді.

Цифрлы трансформациялаудың негізгі жобалары арасында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына кіретін «Қазақстан Республикасы БЭЖ-дің режимдерін басқаруды автоматтандыру» цифрландыру жобасын ерекше атап кету қажет.

Жоба шеңберінде мыналар жоспарланады:

  • жергіліктіден ААОЖ-ға ауысу;
  • ЖҚАР жүйесін ендіру;
  • Wide-Area Measurement & Control Systems (WAMS/WACS) синхрофазорлық технологиялары негізінде мониторингтеу және басқару жүйесін ендіру.