2019 «KEGOC» АҚ Жылдық есеп
2019
«KEGOC» АҚ
Жылдық
есеп
Жылдық есеп
2019

Корпоративтік
оқиғалары

01
қаңтар
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында бұған дейін электр энергиясының бірыңғай нарығын электр энергиясы мен электр қуаты деп екі бөлек сегментке бөліп тұрған жаңа энергетикалық нарық – электр қуаты нарығы іске қосылды
03
7 наурыз
Standard & Poor's Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының (KEGOC) кредиттік рейтингінің болжамын негіздейтін есепті жариялады
04
1 сәуір
Fitch «KEGOC» АҚ рейтингін «BBB-»: Болжам тұрақты деңгейінде растады

15 сәуір
KASE алаңында «KEGOC» АҚ үшін инвесторлар тарапынан эмитентке қызығушылықты арттыруға және эмитенттің өз акционерлерімен кері байланысын реттеуге бағытталған «Эмитент күні» өткізілді

15–22 сәуір
Қостанайда «KEGOC» АҚ филиалдарының өңірлік диспетчерлік орталықтары жедел-диспетчерлік персоналының кәсіби шеберлігі бойынша дәстүрлі VIII конкурсы өткізілді

27 сәуір
«KEGOC» АҚ Компания қызметкерлерінің арасында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған марафон өткізді
05
3 мамыр
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтті

31 мамыр
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Доминик Фаш «Ғаламдық энергия» премиясын беру жөніндегі халықаралық комитеттің құрамына кірді
06
6 маусым
«KEGOC» АҚ облигациялар бойынша сыйақы төледі (KZP01Y15F281)

17 маусым
«KEGOC» АҚ 2018 жылы жай акциялары бойынша дивидендтер (KZ1C34930012) төледі

27 маусым
«KEGOC» АҚ ұжымы, сонымен қатар оның еншілес құрылымдарының қызметкерлері Арыс қаласында болған ТЖ-дан зардап шеккендерге Қала тұрғындарына көмек көрсету жөніндег арнайы қорға бір күндік жалақы аудару жолымен қолдау көрсетті
07
шілде
«KEGOC» АҚ «Павлодар энергия торабының Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесімен байланысын күшейту» жобасын іске асыруды аяқтады
08
тамыз
«KEGOC» АҚ «ҰЭТ-ты жаңғырту, ІІ кезең» жобасы шеңберінде Түлкібас-тартым ҚС мен Бурное-тартым ҚС арасындағы 220кВ ӘЖ құрылысын табысты аяқтады

тамыз
«KEGOC» АҚ-да «Жүйелік қызмет көрсету процестерін жетілдіру» жобасы бойынша басқарушы комитетінің отырысында тұтынушылармен есеп айырысудың биллингтік жүйесі жұмысының мониторингі туралы есеп мақұлданды. Осы сәттен бастап жоба аяқталды деп есептеледі

22 тамыз
«KEGOC» АҚ қызметкерлері жыл сайын өткізілетін «Баланы мектепке жинаймыз» қайырымдылық акциясына қатысты
09
11 қыркүйек
«KEGOC» АҚ облигациялары бойынша сыйақы төледі (KZP02Y15F289)

23 қыркүйек
«KEGOC» АҚ ең үздік ұтымгерлік ұсыныстарды анықтады
10
қазан
«KEGOC» АҚ жөндеу науқанын аяқтады және күзгі-қысқы кезеңге дайындығы паспортын алды

15-18 қазан
«KEGOC» АҚ-да кәсіби шеберлік жарыстары өткізілді, жарыстардың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының электр монтерлері бригадасы Ұлттық электр торабының әуе желілеріне қызмет көрсету бойынша үздік бригада болып танылды

қазан
«KEGOC» АҚ өкілдері ТМД Электр энергетикалық кеңесінің 55-отырысының жұмысына қатысты

25 қазан
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілді
11
12 қараша
«KEGOC» АҚ 2019 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер (KZ1C34930012) төледі
12
18 желтоқсан
«KEGOC» АҚ өкілдері Digital Samruk – 2019 конференциясына қатысты