2019 «KEGOC» АҚ Жылдық есеп
2019
«KEGOC» АҚ
Жылдық
есеп
Жылдық есеп
2019

Компанияның
бейіні

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Ұлттық электр торабын басқарушы компания болып табылады және оған еліміздің Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы дәрежесі берілген. «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • Ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу;
  • электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру;
  • электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру.

Жоғарыда көрсетілген қызметтердің түрлері табиғи монополиялар саласына жатады, соған байланысты «KEGOC» АҚ қызметі «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

2014 жылғы 18 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және бағынысты ұйымдарының акциялар пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын іске асыру шеңберінде Компанияның 25 999 999 дана жарияланған жай акциялары жазылым жүргізу жолымен Қазақстан қор биржасында орналастырылды.

2019 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Компанияның жарияланған және орналастырылған жай акцияларының саны - 260 000 000 дана, оның ішінде 234 000 001 акция (90% плюс бір акция) «Самұрық-Қазына» АҚ атынан ірі акционерге, 25 998 609 акция (9,9995%) миноритарлық акционерлерге тиесілі, қалған 1 390 дана акцияны (0,0006 %) «KEGOC» АҚ сатып алды.

Миссия және
құндылықтар


Миссия

Қазақстан БЭЖ-дің қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға, кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау стандарттарына сәйкес сенімді жұмыс істеуі және тиімді дамуы.


Пайымы

Біз – ең үздік әлемдік компаниялар деңгейінде сенімділік пен тиімділік көрсеткіштері бар озық Компаниямыз.
Біз озық технологияларды қолдана отырып, Ұлттық электр торабын дамыту арқылы барлық мүдделі тараптар үшін құндылықтарды үнемі арттырып отыруды, транзиттік және экспорттық әлеуетті арттыру үшін жағдай жасауды, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті арттыруды көздейміз.

Құндылықтары

Шынайылық
пен әділдік
Ш
  • Біз әрбір қызметкердің пікірін тыңдаймыз және күрделі мәселелерді ашық талқылай отырып, шешім қабылдаймыз.
  • Біз өзімізге қабылданған міндеттерді орындаймыз, сөзімізде тұрамыз.
  • Біз әдептілік нормаларын сақтаймыз.
Уақыт талабы
мен тұрақты
даму
У
  • Біз тиімділікті арттырудың жаңа жолдарын іздестіреміз және бастамаларды қолдаймыз.
  • Біз озық тәжірибелер негізінде біліктілікті арттырып, білімімізді жетілдіреміз және дамытамыз.
  • Біз кез келген қиындықты еңсеріп, алға қойылған мақсаттарға қол жеткіземіз.
Ауызбіршілік
пен жауапкер-
шілік
А
  • Біз компанияға, қоғам мен қоршаған ортаға залал келуіне жол бермейміз, қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз етеміз.
  • Біз өзімізге жеке жауапкершілік алып, дұрыс шешімдер қабылдаймыз.
  • Біз бір-бірімізге сенім артып, қол ұшын береміз, білім мен тәжірибе алмасамыз.
Құрмет, дәстү
мен біліктілік
Қ
  • Біз компания мүдделерін өз жеке мүдделерімізден жоғары қоямыз, мүдделер қайшылығына жол бермейміз.
  • Біз адамдарға құрметпен қараймыз және компанияда қол жеткізілген жетістіктердің барлығын бағалаймыз.
  • Біз Компания құндылықтарын, нормалар мен қағидаларды ұстанамыз және бөлісеміз.