2019
Салаға
шолу
Cаланы реттеу
Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейді және белгілейді. Электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі болып табылады. Электр энергетикасы саласындағы қадағалау мен бақылауды мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті мемлекеттік монополия саласына жататын қызметті (соның ішінде табиғи монополия субъектісі ретінде «KEGOC» АҚ қызметін) бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Cала құрылымы
Қазақстан Республикасының БЭЖ-і электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялрдың жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының электр энергетикасына мынадай секторлар кіреді:
- электр энергиясын өндіру;
- электр энергиясын жеткізу;
- электр энергиясымен жаабдықтау;
- электр энергиясын тұтыну;
- электр энергетикасы саласындағы басқа да қызметтер.
Электр энергиясының теңгерімі
Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтыну 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 1 964,8 млн.кВт сағ немесе 1,9%-ға артып, 105 193,1 млн. кВт•сағ құрады. 2019 жылы электр энергиясын өндіру 106 029,8 млн.кВт сағ құрады, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 767,3 млн.кВт сағ немесе 0,7 %-ға жоғары. 2019 жылы Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру тұтынудан 836,7 млн.кВт сағ асты.
Электр энергиясын өндіру-тұтыну динамикасы, млрд кВт·сағ
Өндіру | |
Тұтыну |
Электр энергиясын тұтыну динамикасы, млн кВт·сағ
2018 жыл | |
2019 жыл |
2019 жылы Қазақстан БЭЖ-дегі электр энергиясын өндіру
құрылымы Электр станциялары түрі бойынша
81,1% | АЭТ | |
9,4% | ГЭС | |
8,5% | ГТЭС | |
0,6% | ЖЭС | |
0,4% | КЭС |
-
106
млрд кВт•сағ
Есептік кезеңде Ресейден электр энергиясының сальдо-ағыны 125,7 млн кВт•сағ (2018 жылы – 3 566,0 млн кВт•сағ) құрады. Экспорт пен импорт Ресей Федерациясынан теңгерімдеуші электр энергиясы көлемін есепке ала отырып, келтірілген.
Ресеймен электр энергиясының сальдо-ағыны, млн кВт·сағ
Электр энергиясының экспорты | |
Электр энергиясының импорты | |
Электр энергиясының сальдо-ағыны (оң шкала) |
Орталық Азияға сальдо-ағын 2019 жылы 962,4 млн кВт•сағатты құрады. Бұл ретте Қырғызстанға электр энергиясының экпорты 273,0 млн кВт•сағ (тауар алмасу туралы шарт шеңберінде 269,238 млн кВт•сағ), импорт – 277,2 млн кВт•сағ (тауар алмасу көлемі – 269,238 млн кВт•сағ) құрады. Тәжікстаннан электр энергиясының тауар алмасуы туралы шарт шеңберінде жеткізілген электр энергиясының көлемі, сонымен қатар қайтару 13,409 млн кВт•сағ құрады. «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-дан Өзбекстанға экспорт – 966,6 млн кВт•сағ құрады.