2019
Мүдделі тараптармен
өзара іс-қимыл және
маңыздылықты бағалау
«KEGOC» АҚ Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп анықталған мүдделі тараптар (стейкхолдерлер) тобын, сондай-ақ олардың Компанияның Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге әсер етуі дәрежесін және бес балдық шкала бойынша Компания қызметінің оларға әсер ету дәрежесін анықтады. Сонымен бірге, талдау қорытындыларын шығарған кезде «сарапшылардың», яғни стейкхолдерлердің нақты топтарымен тікелей өзара әрекет ететін құрылымдық бөлімшелердің пікірлеріне ерекше назар аударылды.
«KEGOC» АҚ олармен үнемі ашық сұхбаттасады және «KEGOC» АҚ қызметі туралы, оның ішінде тұрақты даму саласындағы ақпараттарды үнемі жариялайды. Компания Стейкхолдерлер картасын, өзара іс-қимылдың негізгі арналарын анықтайтын Коммуникациялық стратегияны, сонымен қатар жыл сайын Даму стратегиясын іске асыруды қолдау мақсатында барлық мүдделі тараптармен байланыс жоспарын бекітті.
Стейкхолдерлер картасы
Стейкхолдерлердің компанияға әсер ету дәрежесі | |
Компанияның стейкхолдерлерге әсер ету дәрежесі |
Сонымен бірге осы Жылдық есепте ашу үшін барынша өзекті тақырыптарды айқындау мақсатында сырттағы стейкхолдерлерге – «KEGOC» АҚ қызметтерін тұтынушыларға (48 ұйым), ішкі стейкхолдерлерге – Компания қызметкерлеріне (165 адам), сонымен қатар акционерлерге (109 адам) 5 баллдық шкала бойынша сауалнама-бағалау жүргізілді. Стейкхолдерлерге жүргізілген сауалнама нәтижесі негізінде «KEGOC» АҚ стейкхолдерлерін қызықтыратын және оларға әсер ететін (4,0 жоғары бағасы бар) 17 тақырып анықталды. Бұл тақырыптарды Тұрақты даму және БМЖ жөніндегі үйлестіру кеңесі бағалады және осы Жылдық есепте ашып көрсету үшін маңызды болып белгіленді.