2019
Директорлар
кеңесі төрағасының
сөзі
Құрметті әріптестер!
«KEGOC» АҚ (Компания) үшін де, жалпы алғанда Қазақстанның бүкіл электр энергетикалық саласы үшін де 2019 жыл «100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындау шеңберінде электр қуатын іске қосудан басталды.
«KEGOC» АҚ еншілес компаниясы болып табылатын «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС электр қуаты нарығындағы бірыңғай сатып алушы болып белгіленді. Электр қуаты нарығын іске қосудың мақсаты Қазақстан энергия жүйесінің теңгерімдік сенімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл инвесторлар үшін ұзақ мерзімді кепілдіктерді қамтамасыз ету арқылы саланың инвестициялық тартымдылығын, сонымен қатар өндіруші қуаттарды озық дамыту арқылы Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі (БЭЖ) жұмысының сеніміділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«KEGOC» АҚ өткен жылы бизнес-процестерді басқару деңгейінің жоғары екенін, БЭЖ жүйелік операторының стратегиялық мақсаттары мен функцияларының тиімді орындалғанын, сонымен қатар қаржылық сенімділігін дәлелдеді.
Қазақстан БЭЖ-дің сенімді жұмысын қамтамасыз ету, яғни Жүйелік оператордың функцияларын сапалы жүзеге асыру Компанияның басты артықшылығы болып табылады. Бұл мақсатты іске асыру пайдалану бойынша сапалы қызмет көрсетуді, қолданыстағы активтерді жөндеу мен жаңғыртуды, сонымен қатар инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестициялық қызметті болжайды. 2019 жылы Компанияның Директорлар кеңесі негізгі шамаларды бекітті және «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр торабын күшейту», «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» пен «Сарыбай ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін қайта құру» инвестициялық жобаларын іске асыруға көшуді мақұлдады.
Екінші стратегиялық мақсат «KEGOC» АҚ-ның тиімді қызметін қамтамасыз ету болып табылады. 2019 жылы Бизнесті трансформациялау бағдарламасының жаңартылған Портфелі мен Жол картасы бекітілді. 2019 жылы Бизнесті трансформациялау бағдарламасы жобаларын іске асырудан болған пайда 2,16 млрд теңгені құрады.
Компанияны корпоративтік басқару сапасын бұдан әрі арттыру және тұрақты дамыту маңызды стратегиялық бағыт болып табылады. Атап айтқанда, өткен жылы «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі 2019–2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді, соның ішінде 2019 жылға арналған барлық іс-шаралар ойдағыдай іске асырылды.
Директорлар кеңесінің мүшелері есептік жылы барлық мүдделі тараптардың мүдделерін есепке ала отырып, өте сапалы басқарушылық шешімдер қабылдады. Компания өзін корпоративтік басқарудың анағұрлым жақсы стандарттарын қолдайтынын, айқындық қағидаттарын сақтайтынын байқатты.
Компанияның оң беделі, тұрақты әрі жоғары қаржылық көрсеткіштері, акционерлердің құқықтары мен міндеттерінің нақты іске асырылуы «KEGOC» АҚ акцияларының құнына әсер етті. Акциялардың есептік кезең ішінде тұрақты өскенін және өтімділігі жоғары екенін байқауға болады. 2019 жылы бір акцияның құны 1 613,5 теңгеге дейін көтеріліп, жыл ішінде тарихи жоғары деңгей - 1 712,9 теңгеге дейін жетті. Бұл алғашқы орналастырылған бағасынан 3,3 есеге артық. Сонымен қатар 2019 жылы Компания акцияларды жария орналастырған сәттен бастап екі рет акционерлерге өте жоғары сомаға - шамамен 31,6 млрд теңгеге дивиденд төледі.
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің атынан барлық серіктестерге бірлесе жемісті қызмет еткені үшін, акционерлерге көрсеткен қолдаулары үшін, ал ұжымға Директорлар кеңесі қойған міндеттерді сапалы іске асырып, саланың тиімді де сенімді жұмысына үлес қосқаны үшін алғыс білдіргім келеді.
2019 жылы қол жеткізілген тұрақты өндірістік және қаржылық нәтижелер Компанияның келесі кезеңге арналған міндеттерін табысты шешуге негіз болады деп сенемін.
Біздің стратегиялық
басымдылықтарымыз:
1
|
Қазақстан БЭЖ-дің сенімді жұмысын қамтамасыз ету: |
2
|
«KEGOC» АҚ тиімді қызметін қамтамасыз ету: |
3
|
Корпоративтік басқаруды жетілдіру және тұрақты даму: |