2019 «KEGOC» АҚ Жылдық есеп
2019
«KEGOC» АҚ
Жылдық
есеп
Жылдық есеп
2019

ҒЗТКЖ

Ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстар


Компанияның ҒЗТКЖ саласындағы негізгі мақсаттары:

  • Компанияның технологиялық дамуы үшін басымдылығы мен өзектілігін есепке ала отырып, ҒЗТКЖ жасау мен жоспарлау процестерін құру, жүйелендіру және дамыту;
  • ғылыми-техникалық өнімді әзірлеуге және пайдалануға байланысты процестердің өзара тиімді іс-қиымылын қамтамасыз ету;
  • ҒЗТКЖ нәтижелерін өндірістік бизнес-процестердің тиіміділігі мен сапасын арттыру үшін ендіру.

Компанияның «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Smart Grid элементтерін ендіруі бірнеше жобалар арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бұл ауыспалы процестерді мониторингтеу (WAMS⁄WACS) ⁄ оларды басқару жүйесін ендіру және «БЭЖ жұмыс режимдерін басқарудың аварияға қарсы және режимдік автоматикасының орталықтандырылған жүйесін ендіру». Соңғы аталғаны, өз кезегінде, екі компоненттен тұрады: аварияға қарсы автоматиканың орталықтандырылған жүйесі (ААОЖ) және жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесі (ЖҚАР).

General Electric Company компаниясымен серіктестікте «Синхрофазорлық технологиялар негізінде мониторингтеу жүйесі (WAMS)» жобасының алғашқы компоненті іске асырылды, 14 объектіде PMU (Phasor Measurement Unit) құрылғылары және ЖО ҰДО мен Алматы ӨДО-да мамандандырылған БЖ орнатылды. 2019 жылы «WACS алгоритмдерін әзірлеу және автоматикасын жасау» жобасының екінші компонентіне кірісті.

USAID және Азия даму банкі халықаралық ұйымдарының ЖЭК-тің Қазақстан энергия жүйесіне әсерін зерттеу бойынша гранттық бағдарлама аясында 2019 жылы қазіргі заманғы Power Factory және PLEXOS бағдарламалық кешендері орнатылды.

Компания «Қазақстанның энергетикалық саласын технологиялық жаңғырту және инновациялық дамыту» өндірістік консорциумы шеңберінде өткізілетін «Қазақстан БЭЖ 220–500 кВ жүйеаралық электр желілерінің статикалық және динамикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ұлттық маңызы бар электр станциялары генераторларының АРВ реттеу тиімділігін зерттеу» ғылыми-зерттеу жұмысын жалғасатыратын болады.

«Инженерный центр «ОРГРЭС» ЖШҚ-мен (Ресей Федерациясы) бірлесе 500 кВ ЭЖЖ-де электр энергиясының ысыраптарын азайту бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жалғасатын болады. Оның мақсаты «KEGOC» АҚ көптеген электр энергиясы ысырабы анықталған 500 кВ ЭЖЖ-да электр энергиясының ысыраптарының азаю себептерін анықтау және сол бойынша негізді шараларды әзірлеу болып табылатын 500 кВ ЭЖЖ-дағы электр энергиясы ысыраптарын азайту бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жалғасады.