2019 «KEGOC» АҚ Жылдық есеп
2019
«KEGOC» АҚ
Жылдық
есеп
Жылдық есеп
2019

Тәуекелдерді
басқару және ішкі
бақылау

«KEGOC» АҚ-да 2007 жылдан бастап тәуекелдерді басқару жүйесі ендіріліп, жұмыс істейді. Бұл жүйе тәуекелдерді басқарудың жалпы қабылданған концептуалдық моделдері, Тридвей комиссиясының Демеушілік ұйымдар комитеті әзірлеген «Ұйым тәуекелдерін басқару. Біріктірілген модель» COSO ERM (COSO) және «Самұрық-Қазына» АҚ талаптары негізінде құрылды.

Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі (ТБКЖ) тәуекелдерді уақтылы сәйкестендіруге, оларды бағалауға және «KEGOC» АҚ стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуіне теріс әсер ететін тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды жасауға бағытталған корпоративтік басқару жүйесінің негізгі құрауышы болып табылады.


Тәуекелдерді басқару процесі


Есептік жыл үшін «KEGOC» АҚ
анағұрлым маңызды және өзекті тәуекелдері:

Негізгі тәуекел Тәукел деңгейі Өзгеріс Тәуекелдерді басқару
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдайлардың туындау тәуекелі Жоғары Өзгермеді «KEGOC» АҚ-да осындай тәуекелді азайту мақсатында басшы қызметкерлерге және қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларға оқыту жүргізілуде, жүргізушілерді қиын жағдайларда автокөлікті қауіпсіз басқаруға үйрету жүргізілуде, персоналды қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдеріне үйрету мақсатында бейне роликтер мен слайдтар әзірленіп, ЖЭТ филиалдарына ұсынылады, алдағы уақытта анықталған бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеумен қауіпсіздік және еңбекті қорғау техникасы бойынша бұзушылықтарды анықтау мақсатында жедел ауыстырып-қосу және жөндеу жүргізу процесін, электр тораптарын пайдалануды ұйымдастыру, еңбекті қорғау мен өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру, техникалық жай-күйін тексеру және бұзушылықты анықтау, мамандандырылған ұйымның филиалдарда еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілер бойынша аттестаттау жүргізу процестерін бейне жазбаға тіркеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында шетелдік және отандық компаниялар тәжірибесін зерттеу және талдау жүзеге асырылады.
Валюталық тәуекел Ірі Өзгермеді Валюталық тәуекелді реттеу мақсатында «KEGOC» АҚ ақшалай қаражатты депозиттерге шетел валютасында орналастырады.
Активтердің бұзылу тәуекелдері Жоғары Өзгермеді Активтердің бұзылу тәуекелін реттеу мақсатында «KEGOC» АҚ-да нормативтік құжаттардың талаптарына сай электр желілік объектілерде жөндеу-пайдалану жұмыстары жүргізіледі, өндірістік процесс барысында ақаулар анықталып, жойылады, қажеттілігі бойынша активтер қайта құрылып, жаңартылады, біліктілікті арттыру курстарында персонал жөндеу жұмыстарының әдістері мен технологияларына оқытылады, халықпен және ұйымдармен Электр тораптары объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер телімдерін пайдаланудың ерекше жағдайларын белгілеу жүзеге асырылады.
Көрсетілетін жүйелік қызмет көлемдерінің бизнес-жоспарда көрсетілгеннен төмендеу тәуекелі Ірі Артты «KEGOC» АҚ-да тәуекелді реттеу мақсатында электр энергиясы мен қуатының бекітілген болжамдық теңгерімі негізінде электр энергиясын өндіру-тұтыну көлемдерінің өсуі/төмендеуі динамикасын есепке ала отырып, жүйелік қызметтер көлемін алдағы кезеңдерге болжамдау жүргізілуде.