2019 «KEGOC» АҚ Жылдық есеп
2019
«KEGOC» АҚ
Жылдық
есеп
Жылдық есеп
2019

Даму
стратегиясы

«KEGOC» АҚ қызметінің Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар және кең ауқымдағы мүдделі тараптардың мүддесін қамтиды, Компания оны ұзақ мерзімді стратегиясын құрған және шешімдер қабылдаған кезде есепке алады.

Ұзақ мерзімді
стратегиялық
мақсаттар

1-мақсат
Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, яғни Қазақстан БЭЖ Жүйелік операторы функцияларын сапалы орындау; пайдалану бойынша сапалы қызмет көрсету, қолданыстағы активтерді жөндеу және жаңарту; жаңа электр энергиясын жеткізу желілері мен қосалқы станцияларды салу жолымен Қазақстан Республикасы ҰЭТ-тің өткізу қабілетін арттыру; технологиялық даму және бизнесті цифрландыру.
ҚНК атауы 2017
факт
2018
факт
2019
жоспар
2019
факт
2020
болжам
WWP, % 98,98 98,78 98,11 99,64 98,35
SML, мин. 1,04 1,11 1,08 0,52 1,00

2-мақсат
«KEGOC» АҚ қызметінің тиімділігін салынған капиталдың тиімділігін арттыру және бизнестің жаңа түрлерін дамыту; «KEGOC» АҚ Трансформациялау бағдарламасын іске асыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы қамтамасыз ету.
ҚНК атауы 2017
факт
2018
факт
2019
жоспар
2019
факт
2020
болжам
EBITDA, млрд теңге 72,95 81,22 77,1 88,5 100,5
Таза кіріс, млрд теңге 32,9 40,0 27,2 40,7 50,4
ROACE, % 6,54 7,16 6,78 7,47 10,61
NAV, млрд теңге 361,1 416,2 383,9 422,2 433,2

3-мақсат
Еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру; корпоративтік басқаруды жетілдіру; адами капиталды дамыту және қоршаған ортаға қамқорлық арқылы корпоративтік басқаруды жетілдіру және тұрақты даму.
ҚНК атауы 2017
факт
2018
факт
2019
жоспар
2019
факт
2020
болжам
LTIFR, коэффициент 0,15 0,29 3,8 0 3,6
Өндірістегі өлімге әкелетін жазатайым жағдайлардың жиілігі, коэффициент 0,26 0,25 0 0 0
Корпоративтік басқару рейтингі BB BB - BB BBB