2019 «KEGOC» АҚ Жылдық есеп
2019
«KEGOC» АҚ
Жылдық
есеп
Жылдық есеп
2019

Қоршаған
ортаны қорғау

Қоршаған ортаны
қорғау саласындағы
саясат

«KEGOC» АҚ қоршаған ортаны қорғау қызметін өзінің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі ретінде қарайды. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау – «KEGOC» АҚ Экологиялық саясатының негізгі қағидаты.

«KEGOC» АҚ Экологиялық саясатының мақсаты бұл қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайту, экологиялық қауіпсіздіктің деңгейін арттыру, Қазақстан ҰЭТ-ын дамыту кезінде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапкершілік, энергияны үнемдеу және Компания қызметінде табиғи және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады. «KEGOC» АҚ басшылығы өзіне Экологиялық саясатқа сәйкес қабылданған тұрақты түрде жақсарту және ластанудың алдын алу бойынша міндеттемелерін іске асыру, сонымен қатар «KEGOC» АҚ-ның қатысы бар өз экологиялық аспектілері бөлігіндегі қолданылатын заңнамалық және басқа да талаптарға сәйкестік үшін жауапкершілік қабылдайды. Компанияның әрбір қызметкері, сонымен қатар Компания мүдделеріне жұмыс істейтін мердігер ұйымдардың қызметкерлері «KEGOC» АҚ Экологиялық саясатымен таныстырылды

Атмосфералық
ауаны қорғау

2019 жылы стационарлық көздерден болған шығарындылар

«KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдары Стационарлық көздерден болған шығарындылар, т/жыл
норматив факт
«Ақмола ЖЭТ» 0,93 0,72
«Ақтөбе ЖЭТ» 1,14 0,12
«Алматы ЖЭТ» 0,73 0,72
«Шығыс ЖЭТ» 1,42 1,42
«Батыс ЖЭТ» 0,94 0,35
«Сарыбай ЖЭТ» 0,68 0,68
«Солтүстік ЖЭТ» 1,23 0,16
«Орталық ЖЭТ» 5,18 5,18
«Оңтүстік ЖЭТ» 1,32 0,10
Барлығы 13,57 9,45

Осылайша, стационарлық көздерден болатын ластайтын заттардың жаппай шығарындылары (нормативтерге қатысты) 30 %-ға азайды. Шығарындылардың азаюы («Ақмола ЖЭТ», «Ақтөбе ЖЭТ», «Алматы ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ», «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдары) мамандандырылған ұйымдар жүргізген өндірістік экологиялық мониторинг нәтижелерімен расталды.

Стационарлық көздерден шығарылған парниктік газдарды түгендеу нәтижелері бойынша шығарындылар жылына көміртектің қос тотығы баламасында 137,91 тоннаны құрайды, осыған байланысты «KEGOC» АҚ Парниктік газдардың шығарындыларына квота бөлу жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарға сай парниктік газдарды квоталау бойынша талаптарға ілінбейді.


2019 жылы «KEGOC» АҚ стационарлық көздерінен болған парниктік газдар шығарындылары көлемі

СО2,
тонна
СН4,
көміртек қос тотығы тонна баламасында
N2O,
көміртек қостотығы тонна баламасында
Шығарындылардың жалпы
көлемі көміртек қостотығы тонна баламасында
137,86 0,00175 0,05161 137,91

Компания өз қызметінде климаттың өзгеруіне әсер ететін озонды бұзатын заттарды шығаруды жүзеге асырмайды.

Қалдықтарды
басқару

Өндіріс қалдықтары ҚС жабдықтарын пайдалану, жөндеу және жаңғырту кезінде пайда болады. «KEGOC» АҚ-да қалдықтарды басқару Қазақстан Республикасының экологиялық кодексіне және «KEGOC» АҚ-да қалдықтарды басқару» ұйым стандартына сай жүзеге асырылады.


«KEGOC» АҚ бөлімшелеріндегі қалдықтар көлемі

Көрсеткіш, тонна 2019 жыл
«жасыл» индекс G 2 538,3
«янтарь түстес» индекс А 218,7
«қызыл» индекс R
Барлығы 2 757,0

Су объектілеріне
әсер

Су Компанияның технологиялық процесінде пайдаланылмайды. «KEGOC» АҚ-да суды қолдану деңгейі шамалы, пайдаланылатын су көздеріне айтарлықтай әсер етпейді. Суды тұтыну және су бұру ЖЭТ филиалдарының мамандандырылған ұйымдармен жасаған шарттарына сәйкес жүргізіледі. Су объектілеріне және топыраққа лақтырындылар жүзеге асырылмайды. «KEGOC» АҚ-ның 7 филиалының объектілерінде артезиандық сумен жабдықтау бар, ұңғымалар алынған рұқсаттарға сай пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарттар бойынша ұңғымалардың тоғандарындағы жер асты суларына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

Инвестициялық жобалардың
іске асыру барысындағы табиғатты
қорғау іс-шаралары

Компания жобаларды, соның ішінде инвестициялық жобаларды іске асырған кезде қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне кешенді түрде қарайды. Жобаларды іске асыру тәуекелдерін талдау үшін әлеуметтік және экологиялық тәуекелдерді талдауды қоса алғанда, PESTEL талдауы пайдаланылады. Жүргізілген қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері есепке алынып, қоршаған орта мен адам денсаулығына зияны неғұрлым аз нұсқа қабылданады. Жобалардың тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде және тұрақты негізде жүзеге асырылады. Атмосфералық ауаға, жерүсті және жерасты суларына, ландшафтарға, жер ресурстары мен топырақ жамылғысына, биоалуантүрлілік және басқаларға әсері бағаланады.

Энергия тиімділігі

«KEGOC» АҚ-ның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша негізгі міндеті тұтыналатын энергия ресурстары көлемін азайту, соның ішінде «KEGOC» АҚ объектілерінің жеке қажеттіліктеріне энергия ресурстары шығындарын азайту есебінен, электр энергиясын ҰЭТ арқылы жеткізу кезінде электр энергиясының техникалық ысыраптарын азайту, энергия шығындарын бақылау механизмдерін жетілдіру және Компания объектілерін электр энергиясы мен басқа да отын-энергетикалық ресурстарды есепке алу құралдарымен жабдықтау, есепке алу құралдарының деректері негізінде ақпартты жинау процесін ұйымдастыру.

Компанияда Энергия үнемдеу және Компанияның энергия тиімділігін арттыру жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Оны іске асыру нәтижесі бойынша энергетикалық ресурстарды тұтынудың төмендеуі жоспарлы түрде 4 351 тонна шартты отын мөлшерінде болады деп күтіледі, бұл қаржылық баламада 215,1 млн. теңгені құрайды.

Компанияның энергия тұтынуы екі құрауыштан тұрады: энергия тұтынудың негізгі үлесін құрайтын жеткізуге жұмсалатын электр энергиясының технологиялық шығысы (ысырап) және шаруашылық қажеттіліктеріне арналған тұтыну.

Ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізуге жұмсалатын технологиялық шығыс

2019 жылы электр энергиясын желіге босатудан болған техникалық ысырап 2,869 млрд. кВт•сағ немесе 6,4%-ды құрады.

«KEGOC» АҚ 2019 жылғы техникалық ысыраптары құрылымы

64% желілердегі жүктемелік ысыраптар
20% «тәжге» кеткен ысыраптар
8% реакторлардағы ысыраптар
4% трансформаторлардың бос жүрісіне
кеткен ысыраптар
3% қосалқы станциялардың жеке
қажеттіліктері
1% трансформаторлардағы жүктемелік
ысыраптар

Энергия тұтынуды қасқарту

2019 жылы отын-энергетикалық ресурстарын тұтыну, ГДж1

Электр энергиясы 10 502 753
Жылу энергиясы 87 399
Отын 120 470
соның ішінде
мотор бензині 53 935
дизелді отын 62 911
табиғи газ 3 314
сұйытылған газ 310
Барлығы 10 710 622

1 Джоульмен есептегенде халықаралық бірлік жүйесі қолданылды, СИ.


Электр желілері арқылы жеткізуге жұмсалатын электр энергиясының технологиялық шығысын азайту жөніндегі іс-шаралар энергия тұтынуды қысқарту тұрғысынан анағұрлым әсер етеді.

Сонымен қатар электр энергиясының технологиялық ысыраптары дегеніміз бұл электр желілері арқылы электр энергиясын жеткізген кезде орын алған, сымдар мен электр жабдықтарындағы физикалық процестермен негізделген электр энергиясының ысырабы болып табылады және сәйкесінше, электр желілеріндегі электр энергиясының ысырабын азайту бойынша іс-шараларды жоспарлау мен өткізудің негізгі мақсаты электр энергиясының техникалық ысыраптарының нақты мәндерін олардың оңтайлы деңгейлеріне дейін жеткізу болып табылады.

Электр энергиясы ысырабын азайту бойынша іс-шараларды орындау нәтижесінде 2019 жылы электр энергиясы шығынының азаюы 4,8 млн. кВт сағ құрады.


2019 жылы электр энергиясы ысыраптарын азайту жөніндегі іс-шаралар

Іс-шара Іс-шаралардан болатын нәтиже
млн кВт•сағ Гдж
Аз жүктемелер режимінде желілердің ажыратылуы 0,390 1 404
Аз жүктемелер режимінде күштік трансформаторлардың ажыратылуы 4,394 15 818
Барлығы «KEGOC» АҚ бойынша 4,784 17 222